Медиа орталық

Энергетикалық ауысу: Italy Kazakhstan Supply Chain Forum Energy Transition

Энергетикалық ауысу: Italy Kazakhstan Supply Chain Forum Energy Transition

Астана қаласында Italy Kazakhstan Supply Chain Forum: Energy Transition in Central Asia өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов қатысып, сөз сөйледі.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова, Италияның Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігінің климаттың өзгеруі жағдайындағы арнайы елшісі Франческо Корваро, «Самұрық-Қазына» АҚ Дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдәбеков, ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Азамат Дүйсембеков, Италияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Антонелло де Риу және Қазақстан Республикасының Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев сөйледі.

Ғабидолла Оспанқұлов өз сөзінде Италияның Жерорта теңізі мен Еуропалық Одақтағы Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда біздің елімізде итальяндық капиталы бар шамамен 384 компания тіркелген, оның ішінде Eni, Ansaldo Energia, Tramite Group және Maire Tecnimont сияқты әлемге әйгілі брендтер бар. Мен үлкен әлеует әлі де пайдаланылмағанына сенімдімін», – атап өтті Төраға.

Ол ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту, бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықтың бірнеше перспективалы бағыттарын атап өтті, соның ішінде энергетика және өнеркәсіп салалары, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, фармацевтика және денсаулық сақтау, цифрландыру және жасанды интеллект.

Іс-шара энергетикаға көшу бойынша панельдік сессияларды, жеткізу тізбегінің практикалық мысалдарын, жаңартылатын энергия көздерін және т.б. талқылауды қамтыды.

Италиядағы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік өкілі Алтынай Мұқанова «Meeting Local Needs and Seizing Worldwide Opportunities» сессиясында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіндегі сенімді буын ретіндегі рөлін атап өтіп, елдің стратегиялық орналасуын, инфрақұрылымның дамуын және халықаралық серіктестермен бірлесіп өндірісті жергілікті жерге орналастыру мүмкіндіктерін атап өтті.

Форум үкімет басшыларын, сала сарапшыларын және халықаралық қатысушыларды энергетикалық жеткізу тізбегінің, тұрақты инфрақұрылымның және аймақтық ынтымақтастықтың болашағын талқылау үшін біріктірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге