Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Саратовка ауылында орналасқан «Ost Fish» ЖШС Бестер гибриді бекіре тұқымдастарының уылдырығы мен етін өндіру бойынша жобаны іске асырды. Жобаның қуаттылығы жылына 45 тонна бекіре еті мен 4 тонна бекіре уылдырығын өндіруді көздейді. Кәсіпорынның өнімі сапасы, ал уақыт өте келе саны бойынша шетелдік өндірушілердің импорттық өнімін толығымен алмастыруға қабілетті.
Жобаның басшысы - Альчинбаев Рашид Галбилмаликович.
Жобаның мақсаты мен идеясы: бекіре балықтарын өсіру мен сапалы өнім өндіру бойынша заманауи технологияларды қолдану және оны Қазақстан нарығына және одан тыс жерлерге шығару.
Инвестиция сомасы: 1,8 млрд. теңге.
Пайдалануға берілді: 2016 жылы.
Жұмыс орындары: пайдалану кезінде: 25 адам;
Сату нарығы: РК, ТМД және алыс шетел елдері.