Events

Акселерация: фармацевтика және денсаулық сақтау

Акселерация: фармацевтика және денсаулық сақтау

Астана қ., Қазақстан


«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бизнес-қоғамдастық өкілдерін 24 ақпанда АХҚО алаңында өтетін ҚР фармацевтика және денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен кедергілерді анықтау үшін акселерация бойынша кезекті отырысқа қатысуға шақырады.

«KAZAKH INVEST» жеке және мемлекеттік секторлардың салалық өкілдерінің қатысуымен жобаларды акселерациялау отырыстарының тұрақты практикасын енгізді. Отырыстардың мақсаты-еліміздегі инвестициялық ахуал мен бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін командалық жұмыс (brainstorming) форматында тәжірибе және білім алмасу. Тәжірибе салалар ішінде нәтижелі диалог құруға және проблемалардың тиімді шешімдерін анықтауға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта ұлттық компания машина жасау, электр энергетикалық блок, көлік және логистика сияқты салаларға арналған іс-шараларды сәтті өткізді. Отырыстар айына екі рет кезеңділікпен экономиканың барлық негізгі салаларына арналады деп жоспарлануда.

photo1708494735 (1).jpeg

photo1708494735.jpeg

Іс-шараға қатысу үшін сауалнаманы келесі сілтеме бойынша толтыру қажет: https://forms.gle/z6pgHREnUrBRphZr5.

Return back
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen