Астанада эко-саябақ салуға инвестициялық келісімшартқа қол қойылды
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов пен «EAST HOPE» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Цюаньюань Пэн арасында кездесу өтті.
Комитет пен компания Астана энергетикалық экопаркін салу және пайдалану бойынша инвестициялық келісімшартқа қол қойды.
Жоба Астана қаласында жүзеге асырылады және 250 уақытша және 125 тұрақты жұмыс орнын ашады. Іске қосу 2029 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Инвестиция көлемі 94 442 000 теңгені құрайды.
Ғабидулла Оспанқұлов заманауи технологиялық және экологиялық талаптарға сай келетін осы ауқымды жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Экопарк құрылысы қазірдің өзінде басталды, ал бірінші кезеңде экопарктің қуаты тәулігіне шамамен 1500 тонна қалдықты құрайды және 50 МВт электр энергиясын өндіреді.