Қытайда KAZAKH INVEST тәуелсіз серіктес кеңсесі ашылды

Қытайда KAZAKH INVEST тәуелсіз серіктес кеңсесі ашылды

Сиян қаласында (Қытай) «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Елекеевтің қатысуымен «Shaanxi Baosheng Silk Road Construction Engineering Co., Ltd» – Қытайдағы ұлттық компанияның тәуелсіз серіктесі кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Қытайлық компания KAZAKH INVEST-пен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде өкілдік кеңсе ашты. Өкілдік кеңсе тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету үшін Қытай ұйымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесетін болады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Shaanxi Baosheng түрлі инвестициялық іс-шараларды, қытайлық компаниялардың Қазақстанға екіжақты сапарларын және т. б. ұйымдастыруға ықпал ететін болады.

DSC04997-opq3292676265.jpg

Іс-шара барысында Е. Елекеев қатысушыларға ҚР инвестициялық ахуалы және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты таныстырды. Іс-шараға Шэньси провинциясы мен оған жақын аймақтардан келген 100-ден астам компанияның өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, ашылу салтанаты аясында Басқарма Төрағасы алғаш рет бірқатар қытайлық инвесторлармен кездесті. Олардың ішінде «Auto Time» – «Foton Motor» автомобиль брендінің еншілес ұйымы Қазақстанда жеңіл жүк автомобильдерін өндіруге мүдделі, «INTLEF Oil and Gas Group Co., Ltd» – мұнай-газ жабдықтарын өндіруші және «Xi'an Guoli Defence Technology Group» – доңғалақты және шынжыр табанды типтегі әскери техниканы өндіруші. Сонымен қатар, «Chengdu Bangyuda Technology Group Co., Ltd», «Qingdao Lulu Agricultural Equipment Co., Ltd» және «Shaanxi Leishen Intelligent Equipment Co., Ltd» өкілдерімен кездесулер өткізілді.

DSC04875-opq3292554547.jpg

Shaanxi Baosheng өкілдігінің ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы өсіп келе жатқан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі. Жаңа кеңсенің негізгі міндеті қытайлық инвесторлар мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы тікелей және тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге