Медиа орталық

Астанада KAZAKH INVEST және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің кездесуі өтті

Астанада KAZAKH INVEST және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің кездесуі өтті

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының жобалар департаментінің директоры Асет Тұяқбаев пен жоба жетекшісі Райхан Исмаилова Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубировамен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды цифрландыру саласындағы министрліктің тәжірибесін, сондай-ақ геологиялық барлау және өнеркәсіптік жобалар бойынша талдамалық деректермен алмасу мәселелерін талқылады.
Ерекше назар цифрлық шешімдерді интеграциялау және платформалық құралдарды өнеркәсіптік саясатта қолдану мәселелеріне аударылды.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта металдар мен өзге де пайдалы қазбалардың барланған және перспективті кен орындарын қамтитын жер учаскелерін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба геологиялық барлау ақпараттарының қолжетімділігін арттырып, инвесторлар мен өнеркәсіптік компаниялар үшін жаңа өндірістерді жоспарлау кезінде маңызды құралға айналады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға, сондай-ақ инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға бағытталған цифрлық құралдарды бірлесіп әзірлеуге уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге