Медиа орталық

KAZAKH INVEST және Инвестиция комитеті Honeywell UOP компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

KAZAKH INVEST және Инвестиция комитеті Honeywell UOP компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Кездесу барысында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және өнеркәсіптік процестерді автоматтандыру саласындағы технологиялық шешімдер қарастырылды.

Астана – KAZAKH INVEST және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Honeywell UOP компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Honeywell UOP мұнай өңдеу, мұнай-химия және өнеркәсіптік процестерді автоматтандыру салаларындағы технологиялық шешімдер бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Кездесуге ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Габидулла Оспанкулов және KAZAKH INVEST Инвестиция тарту және маркетинг департаментінің директоры Асель Суанкулова қатысты.

Тараптар Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту перспективаларын, сондай-ақ жаңа индустриялық жобаларды іске асыруға заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында өндірістік процестерді автоматтандыруға арналған Process Automation Solutions шешімдеріне ерекше назар аударылды. Бұл технологиялар өндіріс тиімділігін арттыруға, энергия тұтынуды оңтайландыруға және өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Honeywell компаниясы Қазақстанда 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта компанияның Астана, Алматы, Атырау және Ақсай қалаларында кеңселері бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мұнай өңдеу инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа өнеркәсіптік жобаларға озық технологиялық шешімдерді енгізу бағытында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге