Медиа орталық

BGI Group Астанада генетикалық зертхана ашты

BGI Group Астанада генетикалық зертхана ашты

Астана қ. Ұлттық биотехнология орталығының базасында Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закарияның, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың және ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Сабырдың қатысуымен «BGI Group» қытай компаниясының «Astana Genetic Center» генетикалық зертханасының ресми ашылу салтанаты өтті.

BGI Group «BIOGEN Технопарк» ЖШС ғылыми-өндірістік компаниясы атынан жергілікті серіктеспен бірлесіп репродуктивті денсаулыққа, тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасына және онкология саласындағы мониторингке байланысты молекулярлық-генетикалық сынақтардың кең спектрін жүргізуге мамандандырылған зертхана ашты. Astana Genetic Center биоматериалды әкетпей ел аумағында зерттеудің барлық кезеңдерін жүргізетін Қазақстандағы жалғыз толық циклді зертхана болып табылады.


Бұдан бұрын, ашылу салтанаты қарсаңында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Инвестициялар және маркетинг тарту департаментінің директоры Нұржан Әбілхайыр BGI Group бас директоры Инь Е-мен кездесті. Өз кезегінде Н.Әбілхайыр қытай компаниясының басшысын зертхананың ашылуымен құттықтады.


«Сіздің жобаңыз коммерциялық мүдделерден басқа Қазақстан үшін де үлкен әлеуметтік маңызға ие, оны біз сөзсіз құптаймыз», – деп атап өтті Директор.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар перспективалы жобаларды іске асыруда одан әрі ынтымақтастыққа ортақ ұмтылысын білдірді. Қазіргі уақытта BGI Group Қызылорда облысының әкімдігімен өңірдегі шөлейттенуге қарсы күрес жобасы бойынша келіссөздер жүргізуде.

BGI Group тірі организмдердің геномын зерттеу саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Компанияның 30-дан астам елде 100-ден астам бірлескен зертханалары, медициналық орталықтары мен өндірістері бар, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге