Медиа орталық

СҚО әкімі италияндық инвестормен кездесті

СҚО әкімі италияндық инвестормен кездесті

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов италияндық «PROSOL» компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесіп, перспективалы инвестжобаны жүзеге асыру жоспарын талқылады.

Бұл компания қарашада «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы атанды. Шетелдік инвестор азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Оны құрама жем өндірісінде және мал азығы рационында биоқоспа ретінде қолданады.

«Жаңа өнім біздің аграрлық аймақта үлкен сұранысқа ие болады. Жобаның инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды. 40 жаңа жұмыс орны ашылады», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге