Медиа орталық

Астанада туристік индустрияны дамыту бойынша акселерация кеңесі өтті

Астанада туристік индустрияны дамыту бойынша акселерация кеңесі өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министрлігімен бірлесе отырып, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен инвестициялық ахуалды жақсарту және туристік саладағы инвестициялық жобаларды іске асырудағы кедергілерді анықтау үшін акселерация кеңесің өткізді. Мемлекет пен бизнес өкілдері арасындағы сындарлы диалог шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді, оның ішінде ұлттық саябақ жерлерін бергені үшін Мемлекеттік ұлттық паркке ай сайынғы төлемдерді азайту, несие беру мерзімін және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын арттыру, инфрақұрылым мен коммуникацияға және т.б.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өзінің құттықтау сөзінде Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің болжамдары бойынша туризм индустриясының жаһандық экономикаға қосқан үлесі 2024 жылы рекордтық көрсеткішке — 11,1 трлн долларға жететінін атап өтті. Осы тұрғыда 2029 жылға қарай 150 миллиард доллар инвестиция тарту міндетін іске асыру аясында экономиканың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның туристік секторының әлеуетін тиімді ашудың маңыздылығы артып отыр. Тәсілдер мен реттеу стандарттарын жетілдіру саланы жаңғыртуға ғана емес, инвестиция ағынының артуына да ықпал етеді.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әлихан Байдусенов «KAZAKH INVEST» АҚ-пен бірге туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Іс-шараға ҚР Мәжілісінің депутаты Т. Қырықбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің, қаржы институттарының, квазимемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдері, соның ішінде "PANA ASIA" ЖШС, "TÖR’RE" компаниялар тобы, "Қасқасу Резорт" ЖШС, "Vista lagom" ЖШС және т. б. қатысты.

Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды талдау, қажет болған жағдайда оларды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі штаб отырысында талқылауға енгізу жоспарлануда.

Акселерациялық кездесулердің мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін кедергілерді анықтау және жою, елдегі инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту. Бұл тәжірибе тиімді шешімдерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен жеке бизнес арасында өнімді диалог құруға ықпал етеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге