Біз туралы

Календеров Нұржан Сәбитұлы

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Календеров Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған, қазақ, білімі жоғары.

1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

2000-2003 жылдары зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, 2005-2006 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2020-2022 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге