Глотов Евгений Сергеевич
Әкім орынбасары
Әкімдіктің қабылданатын қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі үшін дербес жауапты, салық, бюджеттік және экономикалық саясат, инвестициялық және инновациялық даму, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру, жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесу және оны үйлестіруді, «қарапайым заттар экономикасы», денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, тұрғын үй саясаты саласындағы мәселелерді іске асыруды қамтамасыз етеді.
Мансап
- «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ менеджері (2006-2007);
- «Есірткісіз болашақ» Корпоративтік қорының атқарушы директоры (2007-2008);
- «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ төрағасы (2008-2009);
- «Агроиздат» ЖШС директорының орынбасары, директоры (2009-2011);
- «СТИЛСОФТ-АСТАНА» ЖШС директоры (2011-2014);
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, бас инспектор (2015-10.2015);
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы» КММ басшысы (10.2015-11.2016);
- Петропавл қаласы әкiмiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары (11.2016-04.2019);
- «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-09.2019);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (11.2020-10.2023);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (02.2022 - 10.2023);
- Астана қаласы әкімінің орынбасары (10.2023 бастап).