Медиа орталық

Астанада NEXT 2023 халықаралық саммиті өтті

Астанада NEXT 2023 халықаралық саммиті өтті

Астанада NEXT федерациясы, өнеркәсіптік ресурстарды біріктіру және трансформация жөніндегі жаһандық платформа, Синьхуа ақпарат агенттігінің Қытайдың экономикалық ақпарат қызметі және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырған NEXT Astana 2023 саммиті өтті. Саммит инновацияларды, ынтымақтастықты және тұрақты дамудың үздік жолдарын талқылаудың маңызды құралына айналды. Онлайн және оффлайн режимінде өткен шараға мемлекеттік органдар мен жеке сектордың 100-ден астам өкілі қатысты.

147.JPG

Жылдам өзгеретін ортада NEXT Astana 2023 ғылыми-техникалық прогрестің маңыздылығына және цифрлық және жасыл технологиялармен үйлесе отырып, жаһандық экономиканың дамуының кілтіне айналған индустриялық трансформацияға назар аударды. Бұл мәселеде қытайлық серіктестермен инвестициялық ынтымақтастықтың жедел дамуы маңызды.

142.JPG

Іс-шараның ашылуында NEXT Федерация Кеңесінің Төрағасы Тони Браун және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Сұлтан Кінжақұлов қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Баяндамашылар әлемдік экономикаға дағдарыстардың әсерін азайту үшін экономикалық өсуді ынталандыру жолдарын белсенді іздеудің маңыздылығын атап өтті.

219.JPG

Жаһандық сын-қатерлерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен NEXT федерациясының Жаһандық консультативтік комитетінің президенті Хаммам Риза атап өтіп, қатысушыларды серіктестікті одан әрі кеңейтуге шақырды.

336.JPG

Саммитте «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали сөз сөйлеп, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары және Қытаймен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы айтты.

«Стратегиялық орналасуы, қолайлы инвестициялық ахуалы, сыртқы нарықтарға қолжетімділігі, сондай-ақ табиғи ресурстарының болуы арқасында Қазақстан біздің өңірде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құру үшін үлкен әлеуетке ие», - деді Ж.Темірғали.

357.JPG

Өз кезегінде KAZAKH INVEST жоба менеджері Сәуле Сабыр ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды.

NEXT Astana 2023 қатысушылардың инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту арқылы тұрақты және икемді жаһандық экономика құруға деген ұмтылысын көрсетті. Саммит 21 ғасырдың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері жағдайында диалог пен серіктестіктің маңыздылығын растай отырып, осы мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге