Қазақстан Республикасы
Қазақстан – зор тарихы бар ел, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруге тырысатын үлкен мүмкіндіктер елі.
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасындағы унитарлы мемлекет.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет атанды. Елордасы - Астана қаласы.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, сонымен бірге, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстанда биліктің үш тәуелсіз түрлері бар: атқарушы, заңнамалық және сот. Сондай-ақ, АХҚО Халықаралық соты қызмет етеді.
Атқарушы билікті
Қазақстан Республикасының Үкіметі орындайды.
Заңнамалық билікті
Сенат (жоғарғы палата) пен Мәжілістен (төменгі палата) құрылған парламент жүзеге асырады.
Сот билігін
Конституциялық сот және жергілікті соттар жүйесі орындайды.
Елдің әкімшілік-территориялық құрылымы 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тұрады.
Қазақстан Республикасының халқы
Қазақстан халқының саны 20 млн. адамнан асады. Қазақстан – 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты зайырлы мемлекет.
Қоғамның этникалық құрылымы мынадай:
- қазақстар - 70,4%
- орыстар - 15,5%
- өзбектер - 3,2%
- украиндықтар - 2%
- ұйғырлар - 1,5%
- немістер - 1,2%
- татарлар - 1,1%
- өзгелер ұлт өкілдері - 5,1%.
Әлем картасындағы Қазақстан
Қазақстан – Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Территорияның басым бөлігін шөлдер – 44% мен жартылай шөлдер – 14% құрайды. Қазақстан аумағының 26%-ы дала мен 5%-ы ормандардан тұрады. Елде 8,5 мың өзендер бар. Қазақстанда 48 мың ірі және ұсақ көлдер бар. Олардың ішінде ең ірілері – Балхаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттан қашық орналасуы елдің шұғыл құрлықтық климатын құрайды.
Қазақстан бірегей минералды-шикізаттық қорға ие. Жалпы саны 5 мыңнан асатын Қазақстан кен орындарының болжамды құны ондаған триллион долларға бағаланады. Қазақстан әлемде мырыш, вольфрам және барит қорлары бойынша бірінші орында, екінші орында – күміс, қорғасын және хромит, үшінші орында – мыс пен флюорит, төртінші орында – молибден, алтыншы орында – алтын.
Сондай-ақ, Қазақстанда айтарлықтай мұнай-газ қорлары бар және елдің батыс өңірлерінде шоғырланған мұнай қорлары бойынша әлемде 9-шы орынға ие.
Бұдан басқа, республика көмір қоры бойынша 8-ші және уран қоры бойынша 2-ші орында.
Қазақстан бидай экспорттау бойынша жетекші әлем елдерінің ондығына кіреді.
Барлау, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдері, сондай-ақ, бидай индустриясы басты экспорт тауарлары болып табылады. Республиканың басты сауда әріптестері – Ресей және ТМД басқа елдері, Қытай, Еуропа елдері.
Павлодар мұнай-химия зауыты
Қазақстанда зымыран ұшыруға арналған әлемдегі бірінші және зор кешен – Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Айлақ Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан, территориясы 6717 кв.м өлшемді құрайды.Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы бірінші құрылыс жұмыстары мен Р-7 зымыранының бірінші ұшырылуы болған соң ашылды. 30 жыл бойы ғарыш айлағы кеңейе түсті: жаңа үлгідегі зымырандардың ұшу алаңдары, жинақтау цехтары, отын толтыру станциялары, зымырандарды басқару және бақылау кешендері және басқа инфрақұрылым салынды. «Гагариндік старт» деп аталатын №1 ұшу алаңы Байқоңыр ғарыш айлағының басты нысаны болып табылады.
Экономиканың барлық салаларының тұрақты өсімі, саяси тұрақтылық пен халықаралық тану қазақстандық қоғамның өркендеуінің негізі.