Баспасөз релиздері

2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті

2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өсті. Бұл туралы Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін баяндаған қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.


«Жедел деректер бойынша 2023 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі 5,1 пайызды құрады. Бұл мақұлданған болжамды мәннен 1,1 пайыздық тармаққа жоғары. Негізгі көзге түскендері: өңдеу өнеркәсібінің ұлғайғаны, құрылыс саласындағы және сауда-саттықтағы жетістіктер, көлік саласындағы қызметтердің көлемі өскені, көтерме және бөлшек саудада сату қарқыны ұлғаюы. Тағы бір атап өтетін көрсеткіш – ол негізгі капиталға инвестициялар көлемінің артуы. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығыстар толық көлемде орындалды. Ынтымақты зейнетақы мөлшері 10,5 пайызға индекстелді», - деді ол.


Сонымен қатар оның дергінше, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты:

- ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі 54-тен 60 пайызға дейін;

- ортақ зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,3 млн зейнеткерге зейнетақы төлемдеріне бюджет шығыстарының жалпы сомасы – 3 313,9 млрд теңге. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері екі рет, 2023 жылдың 1 қаңтарынан 8,5 пайызға, 2023 жылыдң 1 шілдесінен 14,5 пайызға өсті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 8,5 пайызға артты. Инфляция деңгейі 9,8 пайызды құрады», - деді вице-министр.


Дереккөз: kaz.inform.kz
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге