Электрондық цифрлық қолтаңбаны келесі сақтау нысандарында алуға болады:

  • файлдық жүйе  - аталған тармақ таңдалған кезде, кілттер және тіркеу куәліктері файлдар түрінде сіздің дербес компьютеріңізде сақталатын болады;
  • Kaztoken – бұл тасымалдағышты таңдаған уақытта, кілттер және тіркеу куәліктері пин-код көмегімен қорғалған сыртқы тасымалдағыштарда сақталатын болады;
  • sim-картадағы ЭЦҚ - аталмыш тасымалдағышты таңдаған кезде, кілттер және тіркеу куәліктері сіздің телефоныңыздың sim-картасында сақталатын болады. Тиісті sim-картаны «Beeline» сату бөлімдерінде және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалдарында сатып алуға болады.
  • жеке куәлігі - жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазу үшін (жеке тұлғалар үшін) жеке куәлікті көрсетіп, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) жақын бөліміне бару қажет. Жеке куәлікте жазылған ЭЦҚ әрі қарай жұмыс үшін картридер алу қажет. Толық ақпаратты  осы парақтан біле аласыз.

ЭЦҚ әзірлеуге онлайн-өтінім беру рәсімі төрт қадамнан тұрады:

  • Нұсқаулықты меңгеру және БҚ орнату
  • Онлайн-өтінім беру
  • "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ онлайн-өтінімді растау
  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін орнату.

Нұсқаулықты меңгеру және бағдарламалық қамсыздандыруды орнату

Тіркеу куәлігін алу үшін сізге бағдарламалық қамсыздандыру орнату қажет:

ЭЦҚ алуға онлайн-өтінім берер алдында пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз.

Заңнама

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің бірыңғай порталы туралы толық ақпарат.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге