Іс-шаралар

Американдық қаржы және несие агенттігінің қаржыландыруы бойынша семинар

Американдық қаржы және несие агенттігінің қаржыландыруы бойынша семинар

Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі, 2 «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның офисі.

15 мамыр - Нұр-Сұлтан қ. американдық мемлекеттік қаржы және несие агенттігі «Шетелдегі жеке инвестициялар корпорациясы» (OPIC) қаржыландырылуына арналған семинар өтеді.

Іс-шараның басты спикері - OPIC Қаржы департаментінің директоры Тара Блейк. 17 жылдан астам «OPIC» Қаржы және саяси тәуекелдерді сақтандыру департаментінде жұмыс істейді. Спикер денсаулық сақтау, микроқаржыландыру, ауыл шаруашылығы, инвестициялар, инфрақұрылым, МЖӘ, инновациялық құрылымдар, нормативтік және кредиттік тәуекелдер саласындағы жобаларға маманданған.

***

АҚШ-тың үкіметтік қаржыландыру агенттігі ретінде «OPIC» американдық компаниялардың дамушы нарықтарға инвестиция салуға, түрлі салалардағы бизнеспен айналысуға көмектеседі. Қазіргі уақытта OPIC әлемнің 90 елінде шамамен 22,9 млрд. АҚШ доллары құрайтын жобалар портфелін басқарады.

2019 жылы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және OPIC президенті Рэй Вашберн өзара ынтымақтастық және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, сондай-ақ американдық инвесторларға көмек беру туралы меморандумға қол қойылды.

Күні және уақыты: 15 мамыр 2019 ж. сағат 16:00 

Байланыс үшін: Темірғали Жандос, z.temirgali@invest.gov.kz 


Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге