Zukunfstag Mittelstand-2024 көрмесін өткізу аясында Қазақстандағы ШОБ үшін инвестициялық және сауда мүмкіндіктеріне арналған дөңгелек үстел
"KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ 2024 жылғы 13 наурызда Берлин қаласында Zukunfstag Mittelstand-2024 көрмесі шеңберінде өтетін Қазақстан Республикасындағы ШОБ үшін инвестициялық және сауда мүмкіндіктеріне арналған параллель сессияға қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Германияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады, тікелей экспорттық мәмілелер, жергілікті өндірісті дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Іс-шараны SCHNEIDER GROUP халықаралық консалтингтік компаниясы, Қазақстандағы BVMW ресми өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі ұйымдастырады.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Германияның іскерлік қоғамдастығының өкілдері қатысады. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков басқарады.
Іс-шара барысында қатысушылар Экономиканың перспективалы секторлары, Қазақстан Республикасына инвестициялау үшін жағдайлар мен ынталандырулар туралы ақпарат алады.
Іс-шараға қатысушыларға «Zukunftstag Mittelstand 2024»- те тіркелу қажет - https://zukunftstag-mittelstand.de/
Қатысуға ниет білдірген компаниялардан өтінімдеріңізді келесі сілтеме бойынша жіберулеріңізді сұраймыз https://schneider-group.com/de/news/events/markteintritt-und-b2b-kooperationen-in-Kasachstan/
Іс-шара бағдарламасы - https://schneider-group.com/de/news/events/markteintritt-und-b2b-kooperationen-in-Kasachstan/