Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел
2023 жылы 17 қарашада Астанада (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2023) өтеді.
Шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 500-ден астам өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары шақырылды. Қазақстан атынан министрліктердің басшылары, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, сондай-ақ отандық бизнес өкілдері қатысады.
Шарада аймақтың тұрақты өсіміне инвестиция салу мәселесі қарастырылады.
Қатысушылар Қазақстан аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктерін, көлік әлеуетін, логистикалық қызметтердің жаңа спектрін, заманауи тұрақты өндірісті, экспорттық әлеуетті кеңейтуді, инновациялық технологияларды, озық технологияларға инвестицияны талқылайды.
Сондай-ақ шара аясында инвесторлар арасында үздік компанияларды марапаттау рәсімі өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін https://kgir2023.kz/ сайтында тіркелуіңізді сұраймыз.
Техникалық қолдау/тіркеу бөлімі: + 7 701 141 48 44