Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің 14-ші отырысы «Жаңа Қазақстан – ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері»
Сіздерді 2023 жылғы 16 мамырда Астана қаласында өтетін Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің 14-ші отырысына қатысуға шақырамыз.
Басты тақырып – Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, екі ел бизнесінің өзара әрекеттесуіне жаңа мүмкіндіктер жасау.
Бағдарлама 4 параллельді сессияны ұсынады:
1. «Ауыл шаруашылығы»;
2. «Энергетика және энергия тиімділігі, пайдалы қазбалар»;
3. «Көлік және логистика»;
4. «Білікті жұмысшыларды іздеу және оқыту».
Іс-шара қатысушыларға нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша әлеуетті клиенттермен және іскер серіктестермен кездесуге және тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Синхрондық аударма қамтамасыз етіледі.
Сілтеме арқылы тіркелу: http://bit.ly/cickzkgbc2023.
Барлық сұрақтар бойынша ОКБ хатшылығы Айжан Тұяқбаеваға (87011915507, partnerschaft@wiedergeburt.kz) хабарласуға болады.